Компания туралы
«KazPetroDrilling» АҚ – 1965 жылдан бері мұнай сервисі қызметтерін ұсынатын Қазақстан Республикасындағы аса ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы.
«KazPetroDrilling» АҚ бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу және жабу, жер қабаттарын гидравликалық жару және ұңғымаларды цементтеу саласында кең ауқымды қызметтерді көрсетуге маманданған.
Содержание
Компаниялар тобы
«KazPetroDrilling» АҚ тарихы
Компания 2010 жылдың 20 қыркүйегінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға ретінде тіркелді. 2012 жылдың 6 сәуірінде ұйымдық-құқықтық нысанын акционерлік қоғамға өзгертті. Компанияның акционерлік қоғам болып қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті Компанияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаментінің Алмалы ауданы Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде 351-1910-02-АҚ нөмірімен тіркелген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өткізді.
Қоғамның негізгі қызметі мыналар:
- мұнай операцияларын жүргізу кезінде сервистік қызметтер көрсету;
- еншілес ұйымдарының операциялық, қаржылық және инвестициялық қызметін бақылау.
Негізгі клиенттері



Миссиясы мен Құндылықтары
KazPetroDrilling миссиясы Компания қызметінің мәнін айқындап, оның Қазақстан Республикасы экономикасындағы маңызды рөлін көрсетеді.
Біз кімбіз?
- KazPetroDrilling – әрбір Клиентін маңызды деп санайтын Компания;
- KazPetroDrilling – жұмысын жақсарту үшін жетіле түсуге ұмтылатын Компания;
- Өз қызметкерлерін лайықты бағалайтын және олардың материалдық молшылығы мен қоғамдағы орнын қамтамасыз ететін компания;
- Жұмысым деп мақтануға тұратын және болашаққа сенімді көзбен қарауға мүмкіндік жасайтын Компания;
- Өзінің әрбір шешімін ұғынып, таразылайтын және сенім білдіруге болатын Компания; Корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанатын Компания;
- Біз кәсіби ұмтылыстар мен армандарды жүзеге асыруға көмектесе отырып, өмірді жақсартамыз.
Компания ретіндегі бүкіл қызметіміздің мызғымас негізі – ол біздің клиенттеріміздің қажеттіліктері, олардың үміттері мен мақсаттары.
Кез келген Компания сияқты біз де өз алдымызға мұнай сервисі қызметтерін көрсететін үздік Компаниялардың бірі деген мәртебені қалыптастырып нығайтуға бағытталған қадамдар жасауға мүмкіндік беретіндей мақсаттарды қоямыз. Қызметкерлеріміздің жеке және кәсіби мақсаттары жүзеге аспайынша, біздің мақсатымыз да жүзеге аспайтын болғандықтан, командамыздың әрбір мүшесі біз үшін аса маңызды. Біздің командамыз – тек кәсіби мамандар ғана емес, құндылықтардың ортақ жүйесі біріктірген пікірлес жандар.
Біз парасаттылықты, жаңалық атаулыға ашықтықты және ізгі ниеттілікті, бастамашылдықты, кәсібилікті, жауапкершілік пен сенімді, дәстүрлерді құрметтеуді және кемелдікке ұмтылуды бағалаймыз. Бұлардың бәрін бізбен бірге болғысы келетіндерге қолданылатын қарапайым ережелер жинағы деп қабылдаған жөн. Неге десеңіз, KazPetroDrilling-тің жетістігі – ол әрбір қызметкердің жетістігі. Осы ережелерді ұғына отырып орындаудың өзі – дамудың сапалы жаңа деңгейіне жетер жолдағы тағы бір қадам.









